Инсультке әкелуі мүмкін әдет: дәрігер ұйқының қауіпті мөлшерін атады
© Сурет: pexels
Дәрігер Александр Умнов үнемі алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдар сегіз сағат ұйықтайтындарға қарағанда инсультке шамамен 30%-ға жиі шалдығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лента.ру" басылымына берген сұхбатында дәрігер созылмалы ұйқысыздық инсульт қаупін шамамен 50%-ға, ал ұйқы кезіндегі ауыр апноэ бұл қауіпті 1,5–2 есе арттыруы мүмкін екенін атап өтті.
Ұйқының қанбауы артериялық қан қысымының жоғарылауына, стресс гормондары деңгейінің өсуіне және ағзадағы қабыну процестерінің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ қанның ұйып, тромб түзу бейімділігін арттырады.
"Бірнеше ай бойы түн сайын бес-алты сағат ұйықтауды қауіпті шек деп санауға болады", – деді Умнов.
Дәрігер тәулігіне 10 сағаттан артық ұйықтау да инсульт қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін ол ұйқы режимін реттеуге, ұйқысыздық пен апноэны дер кезінде емдеуге, сондай-ақ қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылауға кеңес береді.
Айта кетейік, жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің медициналық кеңесі ретінде қабылдауға болмайды. Кез келген шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңескен жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:12, 23 қараша 2026
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн қалай тапсыруға болады
-
12:58, 23 қараша 2026
Квентин Тарантино 63 жасында үшінші рет әке атанды
-
12:42, 23 қараша 2026
Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды
-
12:34, 23 қараша 2026
Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды
-
12:34, 23 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы





