Қарағанды облысында 19 көліктің қатысуымен ауыр жол апаты орын алды
© Сурет: Telegram/qazavtojol
Қарағанды облысында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық операторы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатерибург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылған.
"Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданып, Қарағанды облыстық полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды. Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған",- делінген ақпаратта.
Жол-көлік оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау.
"ЖКО бойынша қосымша ақпарат анықталуда",- деп толықтырды ведомство.
Кейінірек ҚР ТЖМ оқиға Ақсу-Аюлы ауылының маңында болғанын нақтылады.
"Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізіледі". ҚР ТЖМ
Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылғандығы белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:29, 23 қаңтар 2025
Абай облысында жоғалған малшы табылды
-
21:06, 23 қаңтар 2025
Қазақстан Универсиаданы 14 медальмен аяқтады
-
20:52, 23 қаңтар 2025
СҚО-да үй өртеніп, бір отбасының бес адамы көз жұмды
-
20:41, 23 қаңтар 2025
Ертең Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады
-
20:15, 23 қаңтар 2025
Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысты: кейінгі мәліметтер