Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысты: кейінгі мәліметтер

20:15, 23 қаңтар 2025

© Сурет: видео скрині

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы жаппай жол апатына қатысты кейінгі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысушылардың барлығы жылыту пунктілеріне орналастырылды.

"Балқаш қаласынан Қарағанды қаласына қарай қозғалыс қарсы жол арқылы ұйымдастырылып, жақын арадағы бұрылатын жол арқылы өз бағытындағы жолға түсіп жатыр", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында төрт бірлік эвакуатор жұмыс істеп жатыр. Екі сағаттың ішінде барлық бағыт бойынша қозғалысты қалыпқа келтіру жоспарланып отыр.

Еске салайық, бүгін, 23 қаңтарда Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысқан еді.

Төтенше жағдайлар министрлігі кейінірек оқиға Ақсу-Аюлы ауылының маңында болғанын нақтылады. Жедел жәрдем бригадасы аудандық ауруханаға тоғыз адамды жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!