Қазақстан мен Сербия президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет кеңсесі арасындағы цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігі арасындағы ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасы Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында кино саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
9. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен Сербия даму агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербия Республикасы Дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 27 ақпан 2026
ҚР Энергетика министрлігі 2026 жылы битум экспортына тыйым салмақ
-
17:05, 27 ақпан 2026
Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін жолдарда рұқсат етілетін габариттер туралы келісім ратификацияланды
-
16:50, 27 ақпан 2026
Вучич арнайы жасақ қызметкерлерін даярлау тәжірибесін Сербияға енгізуді ұсынды
-
16:45, 27 ақпан 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстан Сербияның ЭКСПО-2027 көрмесін табысты өткізуін қолдайды
-
16:43, 27 ақпан 2026
Астана мен Белград арасындағы сауда-экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтерілмек





