Қарабұлақ – Тентек теміржол өткелінде ер адамды пойыз басып кетті
© Сурет: pixabay
6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек теміржол өткелінде ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын айтады. Бөгде адамның темір жолға кенеттен атып шығуына байланысты машинист шұғыл тежегішті қолданған.
"Алайда арақашықтықтың қысқалығынан оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін де еске саламыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін Грузияда атақты кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтың інісі өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





