Қар, жаңбыр және көктайғақ: синоптиктер 5 қаңтарға арналған ауа райын айтты

14:22, 4 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

“Қазгидромет” 2026 жылғы 5 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанда қолайсыз ауа райы сақталады – республиканың басым бөлігі әлі де циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

«Соған байланысты қар, боран күтіледі, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!