Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті

13:25, 8 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/kair_n

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың үлкен қызы Сезім 18 жасын отбасының ортасында, Мальдив аралында тойлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күнді отбасы тыныш, жылы атмосферада, шусыз мереке ретінде өткізген.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды... Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды",- деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сезім – отбасындағы үлкен қыз. Қазір ол шетелде білім алып жүр.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын кәмелетке толған үлкен-бөпем",- деп аяқтады актриса сөзін.

Жұлдызды жұп сағат 00:00-де Сезімге торт пен сыйлықтарын табыстағанын да көрсетті.

Бұған дейін 68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!