Қайрат Нұртаспен жанжалдасқан жолаушы да 10 тәулікке қамалды

19:21, 5 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қайрат Нұртаспен жанжалдасқан жолаушы да 10 тәулікке қамалды. Сот отырысында Асылбек Бекқайыров өз кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2024 жылдың 4 маусымда Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші А.-мен жанжал шығарып, артынан төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған". Алматы соттары

Оған Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!