Италияда қазақстандық студент қаза тапты
© Сурет: pexels
Қазақстан азаматы Нұрдәулет Машарипов Италияда қаза тапты. Оның денесі Бриатико қаласында жағалау жартастары арасынан табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, марқұм Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі және Италиядағы Unicas университеті оқу орнының 3-курс студенті еді.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат алғашында Threads әлеуметтік желісінде пайда болған. Дінмұхаммед Мұхтаров оқиға жайлы жазып, марқұмның отбасына көмек ретінде қаражат жинау басталғанын хабарлаған. Кейін бұл жазба өшірілген.
"Жинақ жабылды! Барлық жиналған қаражат Нұрдәулеттің отбасына осынау қиын сәтте қаржылай көмек ретінде беріледі. Қолдау көрсеткен әр адамға шын жүректен алғыс айтамыз", – деп жазды ол.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 маусымда оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Қазақстан елшілігі мен Италияның құзырлы органдары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.
"Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр", – делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 мамырда Қарағандыда үндістандық 21 жастағы медицина университетінің студенті қаза тапқан болатын. Ол жатақхананың бесінші қабатынан құлап кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





