Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады - сарапшылар кеңесі

17:04, 3 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz басылымы жауапты ведомстволар мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен "Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, байланыс" конференциясын ұйымдастырды.

Іс-шара модераторларының бірі – "Fortune Partners" ЖШС Бас директоры Дана Токмурзина мәлімделген тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады — сарапшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 17:04

Сурет: Zakon.kz

"Арамызда ашық диалог ұйымдастырсақ. Рұқсат етсеңіздер, бірінші сессияны сұрақтан бастасам. Кімдерге алаяқтар қоңырау шалды? Қолдарыңызды көтерсеңіздер. Қоңырау түскендердің бірі мен болам. Алғашқы екі минутта сеніп қалғандар бар ма? Бір қызығы менің анам ішкі істер министрлігінің подполковнигі, үлкен жұмыс өтілі бар, соған қарамастан алаяқтардың құрығына түсуіне сәл қалды. Көрдіңіздер ме, жұмыс тәжірбиесі бар адамдар да сеніп қалатын сәттер болады",- деді ана Токмурзина.

Конференцияның бірінші сессиясы интернет-алаяқтықпен күресудің өзекті құралдары мен тетіктеріне арналды. Оның спикерлері ретінде ІІМ, Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК, сондай-ақ Әділет министрлігі мен ЦДИАӨМ өкілдері сөз сөйледі.

Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады — сарапшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 17:04

Сурет: Zakon.kz

"ІІМ-де осындай қылмыстарды анықтаумен айналысатын арнайы департамент құрылды. Өткен жылдан бастап республика бойынша "Киберпол" пилоттық жобасы енгізілді. Жоба аясында алаяқтар пайдаланатын бірқатар нөмірлер жүйесі бұғатталды. Егер жәбірленуші дер кезінде жүгінсе, қаскөйлердің қалтасына кеткен қаражатты қайтара аламыз. Мәселен, ағымдағы жылы елден тыс жерге шығару сатысында шамамен 813 млн теңге бұғатталды, сондай-ақ 1,6 млрд теңге сомасына залалды өтеу қамтамасыз етілді. Хакерлер күн сайын емес, әр секунд сайын дамып келе жатқанын түсіну керек. Сондықтан барлық азаматтарға өтініш: сақ болыңыздар, заманауи әлемге бейімделіңіздер",- деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

ҚР "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлықбек Шамбулов өз кезегінде киберқылмыстардың белсенді өсуі 2020 жылы, пандемия аясында көптеген қызмет салалары онлайн-форматқа ауыстырылған кезде тіркелгенін атап өтті.

Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады — сарапшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 17:04

Сурет: Zakon.kz

"Біз өз тарапымыздан үш бағытта жұмыс жасамайынша, бұл қылмыстар жалғасатын болады. Біріншіден, ел заңдарына түзетулер енгізу керек. Екіншісі-халықтың қаржылық, компьютерлік, құқықтық сауаттылығын, оның ішінде кибергигиена бөлігінде арттыру. Күрес шараларына келетін болсақ, онда біз ауыстырылатын нөмірлерден қоңырауларды тануды және бұғаттауды үйрендік: байланыс операторлары мұндай нөмірлерді бұғаттау бойынша ақпараттық жүйені енгізді. Мәселен, 2024 жылдың қыркүйегінен 1 қарашасына дейін 65 миллион осындай қоңыраулар бұғатталды. Елестетіп көріңізші!? 65 млн қоңыраудан біз өз азаматтарымызды қорғадық", — деді Ұлықбек Шамбулов.

Сонымен қатар, модератор Дана Токмурзина қазақстандықтар қазір интернет-алаяқтардан гөрі қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың әрекеттерінен қатты зардап шегеді деген болжам жасады.

Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады — сарапшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 17:04

Сурет: Zakon.kz

"Қаржы пирамидалары жағдайында алаяқтар мақсатты түрде инвестициялауды және сол үшін жоғары табыс табуды ұсынады. 2024 жылы қаржы пирамидаларының қызметінен келтірілген залал 19,3 млрд теңгені құрады. Тергеу барысында негізінен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың тыйым салынған мүлкі есебінен 13,2 млрд-қа өтем қамтамасыз етілді", — деді АФМ превенция және аналитикалық әзірлемелер департаментінің превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов.

Оның айтуынша, қаржы мониторингі агенттігі арнайы жобаларды жүзеге асырады және заманауи IT-құралдарды пайдаланады.

"Биылғы жылы 28 қаржы пирамидасы жойылды, 300-ге жуық чаттар мен аккаунттар жабылды, онда 2 миллионға жуық қатысушы болды. "Кибернадзор" жүйесін пайдалана отырып, біз қаржы пирамидасының жарнамасы бар шамамен 12 мың сілтемені бұғаттадық. Бұдан әрі азаматтар хабардар болу үшін өткен жылдан бастап "Baiqa, piramida" Telegram-ботын енгіздік. Азамат ақша салғысы келетін кез – келген жобаны осы бот арқылы сайтқа немесе шотқа сілтемелерді енгізу арқылы тексере алады немесе егер ол заңды тұлға болса БСН енгізе алады", — деді спикер.
Интернет-алаяқтықтан қалай сақтануға болады — сарапшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 17:04

Сурет: Zakon.kz

Конференцияға қатысушылар Facebook, Instagram сынды танымал әлеуметтік желілерінің иелерімен қаржылық пирамидалардың жарнамасына қарсы тұру үшін байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, спикерлер дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, азаматтардың деректерін бергені үшін жауапкершілікке тарту және халықаралық ынтымақтастықты арттыру туралы маңызды мәселелерді көтерді.

Бұған дейін сарапшының қаржы пирамидасының үш негізгі белгісін атағаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!