Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі
© Фото: freepik
Мұндай деректі арнайы зерттеу жүргізген "Касперский Зертханасы" ұйымы келтірді. Алаяқтықтың схемасы мен түрі де түрленіп барады.
Әсіресе, соңғы уақытта адамдарға "Қазпошта", коммуналдық мекемелер, ұялы байланыс операторларының атынан хабарласушылар көбейген.
Олар адамның әбден сеніміне кіріп, SMS код сұрайды. Осылайша, барлық жеке мәліметке қанық болады. Сондай-ақ, биыл өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінің 30 пайыздан астамына кибер шабуыл жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Зерттеулерге сүйенсек, жыл басынан бері 6 миллионға жуық фишингтік сайттарға тосқауыл қойылған. Оның 861 мыңнан астамы – скам-алаяқтық дейді мамандар.
"Өнеркәсіптік кәсіпорындар ерекше қорғауды қажет етеді. Технологиялар қарыштап дамыған сайын, әлемдегі кибер шабуылдардың саны артып, жыл сайын күрделеніп барады. Залалды азайту үшін желіні сегменттеп, корпоративтік инфрақұрылымның қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін кешенді шешімдерді енгізген жөн." Валерий Зубанов, "Касперский зертханасының" Орталық Азиядағы атқарушы директоры
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 4 желтоқсан 2024
Алматыда сотталушы қарауылшы жасақтың қызметтік көлігінен қашып кетті
-
22:10, 4 желтоқсан 2024
Петропавлдағы мектептің төбесі опырылып түсті: балалар зардап шекті
-
21:40, 4 желтоқсан 2024
ҚМГ ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерін жұмысқа оралуға үндеді
-
21:26, 4 желтоқсан 2024
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
-
21:11, 4 желтоқсан 2024
Көктайғақ, тұман және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде ескерту жасалды