Instagram арқылы 1,3 млрд теңге жинап, жеке қажеттілігіне жұмсаған: Тотақановтар отбасы күдікке ілінді

21:00, 24 шілде 2025

© Сурет: Zakon.kz

Астанада Тотақановтар отбасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар 2020–2024 жылдар аралығында Instagram желісіндегі @altair_tota парақшасы арқылы баласының ауруына байланысты деп жалған ақпарат таратып, қазақстандықтардан қайырымдылыққа ақша жинаған.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, жиналған 1,3 млрд теңгеден астам қаражат негізінен жеке мақсаттарға – құмар ойындарға, сәнді киімге, шетелге сапарларға және басқа да тұтынушылық шығындарға жұмсалған. Ақша аударымдары Тотақанованың, анасының және 2021 жылы қайтыс болған әжесінің атына тіркелген шоттар арқылы жүргізілген.

Қазіргі таңда оларға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (“Алаяқтық”) және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (“Заңсыз кірістерді заңдастыру”) бойынша айып тағылды. Іс Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!