Илья Ильин және оның әйелі үш айлық «бақытын» көрсетті

09:40, 21 мамыр 2024

© Сурет: Instagram.com/ilyailyinforever/

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин мен оның әйелі Татьяна әлеуметтік желіде Айли есімді үш айлық қызымен кезекті бейнеролигін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-да Ильин сүйіктісіне қызы үшін алғыс айтты.

"Бүгін біздің "бақытымыз" үш айға толды! Айли дені сау, бақытты және мықты қыз боп өсуде! Бізді күлімсіреп қуантады. Қызым, сені махаббат пен амандықта тәрбиелеуге тырысамыз. Танюша, маған осындай бақыт сыйлағаның үшін рахмет. Мен сені қатты жақсы көремін, бағалаймын. Қымбатты оқырмандарым, біз үшін шынайы қуанып жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге қарапайым адами бақыт тілеймін", – деп жазды спортшы.

Оқырмандары спортшының отбасына тек бақыт тіледі. Біреулері қызды анасына ұқсайды деп жатса, енді біреулері, керісінше, оны әкесінің көшірмесі деп жазды.

Илья мен Татьяна Ильин 2023 жылдың қаңтарында үйленді. 2024 жылдың 20 ақпанында олардың Айли есімді қызы болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!