Илон Маск адамзатты жойылып кетуден құтқаруға болатынын айтты, бірақ оның бір шарты бар

14:48, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: NASA/Kim Shiflett

SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск қайта пайдалануға болатын өте ауыр зымыран тасығыштар адамзатты жойылып кетуден құтқаратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық кәсіпкер бұл туралы Х әлеуметтік желісінде жазды.

"Starship өмірді көп планеталы етеді және бюрократия басып-жаншып тастамаса, Жердегілерді жойылудан сақтайды", – деп жазды ол.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы мемлекеттік реттеу жыл сайын қатайып келеді, егер бұл ары қарай жалғаса берсе, штаттардағы барлық ірі жобалар заңсыз болып шыға келеді.

2024 жылдың қыркүйек айының басында Маск адамдардың алғаш рет Марсқа ұшырылуының шамаша мерзімін атады, сонымен қатар Қызыл планетаға ұшқышсыз, өз-өзін басқаратын кеменің қашан аттанатынын да нақтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!