ІІМ шетелде тұратын қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті

17:39, 1 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев шетелде жүрген ел азаматтары үшін мемлекеттік қызметтер әлдеқайда қолжетімді бола түсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шыңғыс Әлекешев ел ішінде ғана емес, сондай-ақ тыс жерлерде де азаматтарымыз үшін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

"Қазақстанның 15 елде орналасқан 32 шетелдік мекемесі бар: АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Бельгия, Қытай, Ұлыбритания, Испания, Италия, Беларусь, Қырғызстан. Міне осы елдердегі азаматтарымызға арналған электрондық құжаттандыру қызметі іске қосылды", – деді ол.

Енді, оның айтуынша, шетелде тұратын қазақстандықтар құжаттарды үш-алты айлап күтпейді, барлығы 30 күн ішінде бітіп кетеді.

"Ағымдағы жылы ІІМ СІМ-мен бірлесіп отандастарымыз ең көп тұратын әлемнің 10 қаласында осы сервисті консулдық қызметтерге үйлестіре кеңейтуге бастамашылық жасайды. Атап айтқанда, Оттава, Торонто, Вена, Афина, Варшава, Киев, Париж, Прага, Баку, Ұлан-Баторда", - деп атап өтті Шыңғыс Әлекешев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!