«Халықтық құрылыс» бағдарламасының игілігін тұтас халқымыз көреді – Президент
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейтіп, автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, елдің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи теміржол және автомобиль жолдарының тұтас желісін құруды стратегиялық міндет деп атады.
Президенттің айтуынша, Қазақстан арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын артып келеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесі, әсіресе, солтүстік өңірлер үшін өзекті болып отыр.
"Сондықтан ендігі кезекте "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейту ісіне кірісу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерге жәрдем көрсету қажеттігіне де назар аударды.
"Себебі Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің жартысынан көбі шетелдіктерге тиесілі. Осы саланы да ретке келтіретін уақыт келді, Үкімет тиісті іс-әрекеттерді қолданады", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі мақсат ел жолдарының әлеуетін нығайтып, азаматтардың табысын арттыру екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 28 қазан 2026
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажет – Президент
-
12:32, 28 қазан 2026
«Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек – Президент
-
12:29, 28 қазан 2026
Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент
-
12:26, 28 қазан 2026
Президент мұғалімдерге артық жүктемені азайтуды тапсырды
-
12:26, 28 қазан 2026
8 заманауи перинаталды орталық, 7 көпбейінді балалар ауруханасы – Ауқымды құрылыс жылының басымдықтары





