Тоқаев ертең Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

18:00, 27 қазан 2026
MKZ: 1574596

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазанда Түркия Республикасына ресми сапармен бараатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!