Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажет – Президент
© Фото: akorda.kz
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі реформалап, Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару құрылымын қайта қарау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін еліміздің саяси жүйесі толық жаңғырды. Соған сәйкес мемлекеттік мекемелердің алдында тұрған міндеттер де күрделене түсті.
"Қазір билік жүйесін дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес осы саланы түбегейлі реформалау қажеттігі туындап отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы тұтас мемлекеттік аппараттың және әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесі цифрландыру дәуірінің талаптарына сай жұмыс істеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керек.
"Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 28 қазан 2026
Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды
-
13:28, 28 қазан 2026
Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды
-
13:24, 28 қазан 2026
Тоқаев: «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
-
13:21, 28 қазан 2026
Тоқаев 2029 жылға дейін электр энергиясының артығымен өндірілуін қамтамасыз етуді тапсырды
-
13:18, 28 қазан 2026
Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды





