Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент
© Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы әрбір мекеме өз өкілеттігімен қатар, тұтас мемлекеттік аппараттың жұмысын нақты білуге тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, жасанды интеллектінің көмегімен қайталанатын міндеттер мен басқару жүйесіндегі қарама-қайшылықтарды жою қажет.
"Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан толық және біржола арылуы қажет. Шешім қабылдауға, яғни дамуға кедергі келтіретін барлық рәсімді қысқарту керек", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне де тоқталды. Ол бұл бағытта қажетті деңгейге әлі қол жеткізілмегенін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеуді ұсынды.
"Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс. Бұл жерде жекелеген өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ", – деді мемлекет басшысы.
Президент мемлекеттік басқару жүйесіне шынайы реформа қажет екенін айтты.
"Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды. Бұл – құқықтық және қаржылық шаралар қабылдауды талап ететін аса күрделі үдеріс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық технология мен жасанды интеллектіге негізделген жаңа экономикаға бейімдеп, жаңғырту қажеттігін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 28 қазан 2026
Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды
-
13:28, 28 қазан 2026
Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды
-
13:24, 28 қазан 2026
Тоқаев: «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
-
13:21, 28 қазан 2026
Тоқаев 2029 жылға дейін электр энергиясының артығымен өндірілуін қамтамасыз етуді тапсырды
-
13:18, 28 қазан 2026
Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды





