«Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек – Президент
© Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы заңдарды жетілдіру мен саяси институттарды нығайту ғана жеткіліксіз екенін айтты.
"Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс. Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. "Адал азамат" идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев отаншылдықты жасампаз істермен көрсету маңызды екенін жеткізді.
"Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады", – деді мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның әр азаматтың дамуына жол ашатын, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін, бірлігі бекем, Әділетті әрі Өркениетті мемлекет болғанын қалайтынын айтты. Осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсай беретінін жеткізді.
Мемлекет басшысы қазіргі заманның басты қуаты білім мен ғылымда, озық инновацияларда екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды.
"Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады. Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жолдауын қорытындылаған президент алдағы тарихи міндеттерді табысты жүзеге асыруға шақырды.
"Біз әр азаматтың дамуына, барша жұрттың өркендеуіне жол ашатын берекелі қоғам, Әділетті Қазақстанды міндетті түрде құрамыз", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев барша жұртқа амандық пен табыс тілеп, сөзін "Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын!" деп аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 28 қазан 2026
Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды
-
13:28, 28 қазан 2026
Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды
-
13:24, 28 қазан 2026
Тоқаев: «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
-
13:21, 28 қазан 2026
Тоқаев 2029 жылға дейін электр энергиясының артығымен өндірілуін қамтамасыз етуді тапсырды
-
13:18, 28 қазан 2026
Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды





