Ғылым және жоғары білім вице-министрі ҰБТ сұрақтары қашан өзгеретінін айтты
© Фото: Национальный центр тестирования
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2025 жылғы 25 желтоқсанда Сенат кулуарында Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) сұрақтарының қашан өзгеретіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер жуырда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен америкалық Educational Testing Service (ETS) компаниясы ҰБТ-ны жаңғырту бағытында серіктестікті бастағаны белгілі болғанын атап өтті. Осыған байланысты олар тест сұрақтары қашан және қаншалықты өзгеретінін сұрады.
"Америкалық компаниямен жұмысты енді ғана бастап жатырмыз. Бастапқы кезеңдер – келіссөздер мен меморандумға қол қою аяқталды. Әрине, бұл бір күнде немесе бір жылда бітетін жұмыс емес. Ол ұзақ мерзімді әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылы ҰБТ форматы мен мазмұнында ешқандай өзгеріс болмайды", – деп сендірді Гүлзат Көбенова.
Оның айтуынша, бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.
"2027 жылдан бастап, мүмкін, пилоттық жоба ретінде сынақтан өткіземіз, кейін біртіндеп сұрақтарды өзгертеміз. Бұл ретте біз серіктестерімізбен бірлесіп, жасанды интеллектіні қолдану арқылы сұрақтарды жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Әрине, барлық жаңа сұрақтар қоғамға, оқушылар мен талапкерлерге алдын ала жеткізілетін болады", – деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ, ол барлық тест сұрақтары бірнеше сараптамадан өтетінін айтты.
"ҰБТ барысында қолданылатын барлық тесттер бірнеше кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Бірінші кезеңде – техникалық тексеріс, екінші кезеңде – мазмұндық сараптама жүргізіледі. Барлық осы тексерістерден кейін ғана сұрақтар ҰБТ-ға енгізіледі. Ғалымдардан, пән мұғалімдерінен және практик мамандардан құралған сарапшылар тобы құрылады. Сұрақтар жан-жақты талқыланып, әзірленіп, сараптамадан өткен соң ғана қолдануға жіберіледі", – деп түйіндеді Гүлзат Көбенова.
Бұған дейін Түркістанда толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:48, 25 желтоқсан 2025
Отшашу, пиротехникалық бұйым. Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді
-
18:37, 25 желтоқсан 2025
Еліміздің басым бөлігінде 26 желтоқсанда қар жауып, боран соғатыны болжанады
-
18:28, 25 желтоқсан 2025
Өмір сүру сапасының көрсеткіштері бойынша Қазақстан ЭЫДҰ-ның көптеген елін басып озады
-
17:56, 25 желтоқсан 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді Ига Швентекке қарсы ойынмен бастайды
-
17:44, 25 желтоқсан 2025
Ұлттық Банк 500 теңгелік жаңа банкноттар айналымға шыққанын жариялады





