Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Еуро-2024 футболшыларымен кездесті

09:53, 3 шілде 2024

© Сурет: Instagram/salome_zourabichvili

2 шілдеге қараған түні Грузия Президенті Саломе Зурабишвили өз елінің футболшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында команданы салтанатты түрде марапаттау кезіндегі фотосуреттерін жариялады. Футболшылар Тбилисидегі Бостандық алаңында құрметке ие болды. Марапаттау рәсіміне Премьер-министр Ираклий Кобахидзе де, президент Саломе Зурабишвили де шықты. Екеуі де қысқа да нұсқа сөз сөйледі.

Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Еуро-2024 футболшыларымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 09:53

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili

Содан кейін Зурабишвили спортшыларды футболдың дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет орденімен марапаттады. Футболшылардың өздері де сәл абдырап қалды. Қошеметке бөленген олар сахнадан түсіп, жанкүйерлерімен құшақтасуға кетті.

Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Еуро-2024 футболшыларымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 09:53

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili

Айта кетейік, Португалия Словениямен өткен кездесуде жеңіске жетіп, Еуро-2024 ширек финалына шықты. Олар матчтан кейінгі пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!