Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

20:07, 15 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен белдесті. Өкінішке қарай, қазақстандық балуан жекпе-жекте бір де бір ұпай ала алмады. Ирандық балуан 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын.

Сол сында да Ализаде 8:0 есебімен басымдық танытқан. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күмісін иеленіп отыр.

Бүгінге жарыс күнінде қазақстандық "классиктер" тағы екі медаль еншіледі. 63 келідегі Ержет Жарлықасын чемпион атанса, 77 келідегі Ибрагим Магомадов қола медаль иеленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!