Екі қазақстандыққа 105 миллионнан астам бюджет ақшасы заңсыз берілген

09:39, 30 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жамбыл облысында екі адам жалған құжат жасап, заңсыз 105,3 миллион теңге алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.


"Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды. 30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді." Жамбыл облысының прокуратурасы

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!