«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны барысында таудан, өзен-көлдерден 20 мың текше метр қоқыс шығарылды

09:12, 30 сәуір 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалада "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында іс-шаралар белсенді түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші кезең "Біздің қала – біздің тау, өзен-көлдер" осы жылдың 22-28 сәуірі аралығында өзендер мен су айдындарының, саябақтардың, скверлер мен тау бөктерін тазартуға, сондай-ақ жасыл желекті жаппай отырғызуға арналды.

Өткен аптада өзен, көлдер мен су айдындары ("Есентай", "Кіші және Үлкен Алматы", "Қарғалы", "Боралдай", "Ақсай", "Жарбұлақ" "Тіксай", "Қарасу", "Еременсай", "Тастыбұлақ", "Керен құлақ" өзендері, "Бекенбай", "Әбілғазы", "Ботбайсай", "Шыбынсай", "Терісбұлақ", "Беделбай", "Сайран" және Әуежай көлдері, Үлкен Алматы каналы, М2 және М1 каналдары және т.б.) жағалаулары жаппай тазартылып, 2 680 адам қатысты. Бұл жұмысқа барлығы 408 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, бір апта ішінде 20 120 текше метр қоқыс шығарылды.

Биыл 19 сәуірде барлық жалпы білім беретін мектепте "Мектеп ауласының оазисі" ландшафты дизайн фестивалі өтті, онда 5-11 сынып оқушылары 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшетін отырғызды. Сол күні Наурызбай ауданында 700-ден астам адам, оның ішінде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 300 алма және 200 қарағаш отырғызды.

Осы жылдың 20 сәуірінде Бутаков шатқалында "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының қолдауымен эко-белсенділер мен еріктілер 500 өрік көшетін отырғызуды ұйымдастырды. Алатау ауданында Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, "Генералдар кеңесі" және "Офицерлер кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай 300 алма көшетін отырғызды.

21 сәуірде өрт сөндіру бөлімдерінің 1000-нан астам қызметкері іргелес аумақтарды тазалауға шықты. 22 сәуірде 100-ге жуық этномәдени бірлестіктің өкілдері "Южный" саябағының аумағын тазалады. 23 сәуірде Наурызбай ауданында жалпы білім беретін мектептердің аумағына 2 мыңнан астам қызғалдақ отырғызылды.

"Жақыныңа жәрдем бер" акциясы жалғасып жатыр, оның аясында мүгедектер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге бақ пен аула аумағын тазалауға, қоршауларды, орындықтар мен баспалдақтарды сырлауға, ағаштарды кесуге, қоқыстарды шығаруға көмек көрсетіледі. Акцияға 841 ерікті қатысып, бүгінде 128 азаматқа көмек көрсетілді.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қала жастары белсенді қатысады. 93 мың адамды қамтыған жастар бірлестіктері 57 іс-шара өткізді, 1,2 тоннадан астам қоқыс жиналды, 500 жасыл желек отырғызылды, 9 тарихи ескерткіш пен 5 саябақ санитарлық мақсатта тазартылды. Жоғары оқу орындары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЕТУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ, ҚБТУ, АГЭУ, ЕТУ, АТУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) студенттері 17 мың шаршы метр аумақ абаттандырылып, тазартылды.

Науқанның үшінші аптасында "Таза қасбеттер" акциясы сәтті өтті. 1600-ден астам коммерциялық ұйым, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, ірі сауда орталықтары, БО, қонақ үйлер, базарлар, супермаркеттер, дәріханалар, азық-түлік дүкендері және т.б. өз нысандарының қасбетін тазартты, терезе мен витражды жуды, маңдайша мен билбордты ретке келтірді, қоқыстарды алып тастады және іргелес аумақтарды абаттандырды. Бизнес нысандарынан басқа коммуналдық меншіктегі әкімшілік ғимараттардың (мемлекеттік нысандар) және жеке тұрғын үйлердің (ПИК және МИБ күштерімен) қасбеті тазартылды.

Апта "Алматы – бақ қала" жалпықалалық акциясымен аяқталды, іс-шара барысында 32 орынға 8,2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды, оның ішінде 4515 жеміс, 1090 жапырақты ағаш және 2600 бұта.

Науқан басталғалы (осы жылдың 8 сәуірінен бастап) Алматы қаласында 21 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды (оның ішінде 19 мың жапырақты ағаш және 2 мың бұта), оның ішінде "Жасыл аула" акциясы аясында қала тұрғындарына 3 мың көшет таратылды. Жолдарды ретке келтіру мақсатында қаланың көше-жол желісінің магистральдық көшелерінде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 28,7 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны жөнделді. 1765 аялдама кешенін жуылып, 4 525 орындық пен 7 562 қоқыс жәшігі сырланды, 896 контейнер алаңы дезинфекцияланып, жуылды, 310 бағдаршам нысаны және 3 679 жол белгілері көтергіштері сырланып, жуылды. Жергілікті қоғамдастықтармен бірлесіп 3 821 аула аумағы тазартылды (қалада барлығы 4020 аула).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!