Гранатомет, Калашников автоматы: ҰҚК қару-жарақтың жасырын орындарын анықтады

15:13, 29 маусым 2024

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

28 маусымда Ақтөбе облысы тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруы, оның ішінде екі Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасы, түтін бомбалары, рациялар және түрлі калибрлі 581 оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы ведомство мәліметінше, елімізде қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп келеді.

"Мәселен, ағымдағы жылдың 28 маусымында ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі. Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың екі жасырын орнын анықтады. Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қару-жарақ, жасырулы орын, Ақтөбе, Алматы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қару-жарақ, жасырулы орын, Ақтөбе, Алматы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылғаны нақтыланады.

Оқ-дәрі, жасырулы орын, Ақтөбе, Алматы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тапанша, жасырулы орын, Ақтөбе, Алматы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ұсталды, Ақтөбе облысы, Алматы, қару-жарақ, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Күдікті ұсталды, Ақтөбе облысы, Алматы, қару-жарақ, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 15:13

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!