Ғалымдар адамның дүниеден қайтатын күнін дәл көрсететін сағат жасап шығарды

10:46, 21 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары жасанды зерденің көмегімен адамның қайтыс болатын уақытын көрсететін жасанды қосымша жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қосымшаға "өлім сағаты" деген атау берілген, деп жазады New York Post.

"Бағдарлама алдымен арнайы сауалнама арқылы пайдаланушының денсаулығы туралы деректерді жинайды. Сауаланамада салмағы, қандағы қант мөлшері, қан қысымы, ұйқының сапасы, физикалық белсенділігі, жаман әдеттер, тамақтану және өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа факторлар туралы ақпараттар ескеріледі", делінген басылымда.

Адамның дүниеден озар болжамды күнінен бөлек, қосымша тұлғаның әлеуметтік өмірі мен психикалық жағдайын да бағалайды.

"Өлім сағаты" адамның өмірден қайтар күнін дәл көрсететіні нақтыланады. Сонымен қатар, қосымша бағдарлама адамның биологиялық жасын көрсетіп, мотивациялық құралдарды, жаттығу нұсқаларын, ұзақ өмір сүру үшін дұрыс тамақтану идеяларын ұсынады.

Death Clock-ты жасап шығарушылар оның адамдарды өмір салтын өзгертуге және денсаулығына зиян келтіретін әдеттерден бас тартуға ынталандыруы мүмкін екенін айтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!