Гаити халқының жартысы аштыққа ұшырады

14:11, 1 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Гаитидің 11 миллиондай халқының 5 жарым миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырап жатыр.

Олар өздерін және отбасыларын қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткен. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы хабарлады.

Оның дерегінше, 6 мыңдай тұрғын аштықтың ең ауыр түріне душар болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші.

Сонымен қата, деңгейі 30 %-ға жеткен инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да ел тұрмысын қатты нашарлатып жіберген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!