Францияда шаңғышы аяғы сынған күйі 36 сағатқа жуық уақыт мұз құрсауында жатып аман қалған
© Сурет: instagram/crs_alpes_savoie
Францияда 39 жастағы шаңғышы Эмерик Оссатт Альпі тауларында қар көшкінінің астында қалып, мұздық жарығына құлап кеткен. Екі аяғы сынған ер адам байланыссыз және апаттық маяксыз қар құрсауында бір жарым тәулікке жуық уақыт өткізіп, аман қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
France 3 телеарнасының мәліметінше, оқиға Италия шекарасына жақын жерде болған. Гренобль қаласының маңында тұратын ер адам тауға жалғыз өзі шаңғы турына шыққан.
Ол тік шатқалмен көтерілу үшін шаңғысын шешіп, арнайы аяқ киіммен және альпинистік мысықтармен өрмелей бастаған. Алайда осы кезде қар көшкіні жүріп, оны құлатып, мұздық жарығына алып кеткен. Салдарынан екі аяғы сынған.
"Мұз құрсауында екі аяғы сынған күйі қалған Эмерик рюкзагын шешіп, шығатын жол іздеп, жарықтың ішімен шамамен 100 метр еңбектеп жүрген. Алайда жарықтың қабырғалары тым тік болғандықтан, сыртқа шыға алмаған. Оның үстіне, бұл жерде ұялы байланыс та болмаған. Ақырында ер адам ауа жиналған қуыс маңында түнеуге мәжбүр болған", – делінген хабарламада.
Кешке қарай шаңғышы үйіне хабарласпаған соң, отбасы дабыл қаққан. Савойя тау-құтқару қызметінің (CRS Savoie) мамандары қар көшкінінің ізін тапқанымен, қардың қайта құлау қаупіне байланысты түнде іздеу жұмыстарын тоқтатуға тура келген.
Келесі күні таңертең оқиға орнына 28 құтқарушы, кинологтар иттерімен, дәрігер және үш тікұшақ жұмылдырылған. Туристің жабдықтарын тапқан топ қарды бес сағат бойы қазған. Осы кезде олар көмек сұраған дауысты естіген.
Құтқарылған сәтте ер адам мұздық жарығында 36 сағатқа жуық уақыт өткізген. Дене температурасы төмендеген шаңғышы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның бір аяғына ота жасаған.
"Оның жолы болды. Біз оның төменде, сол жерде жатқанын білдік, бірақ тірі табамыз деп ойламадық", – деді тау-құтқару қызметінің майоры Йоанн Абере.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 12:15, 16 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, бірқатар міндет жүктеді
- 11:55, 16 қараша 2026
Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады
- 11:46, 16 қараша 2026
Қазақстанның екі облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады: 16 қарашаға арналған жол болжамы
- 11:32, 16 қараша 2026
ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды
- 11:23, 16 қараша 2026
Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды





