Ескі 5 мың теңгелік: Ұлттық банк маңызды хабарлама таратты

18:38, 11 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Бүгін, 2024 жылдың 11 қарашасында ҚР Ұлттық банкі ескі үлгідегі 5000 теңгелікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноталар) және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноталар) айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлады.

"Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпоштада 3 жыл ішінде, ал ҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды". ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қала беретінін, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының дизайны өзгерген кезде айналымдағы ақша белгілерінің қатар жүру кезеңін ауыстыруға және белгілеуге қатысты жалпы тәртібі "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" ҰБ-ның 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 Басқарма қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

"Заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске саламыз", делінген банк хабарламасында.

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

5000 теңге, ескі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 18:38

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі


2023 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

5000 теңге, жаңа, 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 18:38

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!