Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды.
Жоғарыда аталып кеткен топ кейіннен Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген.
Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.
Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды.
Қылмыскерлер синтетикалық есірткініқатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайнрежимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесіменжабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.
Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.
Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:12, 22 қазан 2024
15 минутқа 500 теңге: Ақтау әуежайындағы тұрақтардың бағасы тексеріледі
-
13:02, 22 қазан 2024
Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды
-
12:51, 22 қазан 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 22 қазандағы валюта бағамдары
-
12:38, 22 қазан 2024
Көкшетауда полицейлер автокөлік ұрлығын жедел ашты
-
12:27, 22 қазан 2024
Бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін: атажұртқа оралған қандастарға қандай көмек көрсетіледі