Көкшетауда полицейлер автокөлік ұрлығын жедел ашты

12:38, 22 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Көкшетау қаласында орын алған ұрлық оқиғасы жедел ашылды.

19 қазан күні түнгі сағат 23:00-ден таңғы 02:00 аралығында көпқабатты үйдің жанында тұрған Mercedes-Benz 180 автокөлігі ұрланып кеткені туралы полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған. Көлік иесі машинаның кілтін оталдыру қосқышында қалдырғанын да мәлімдеген.

Өтініш түскен сәттен бастап қалалық полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Сол күні криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, оның айдап әкетілуіне облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының қатысы бар екенін анықтады.

Тергеу барысында күдікті уақытша бейімделу орталығынан шығып, суыққа тоңып қалғандықтан, көліктің есігі ашық тұрғанын көріп, ішіне отырып кеткенін мойындады.

Жағдайды пайдаланып, кілті қалған көлікті айдап кеткен. Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылып, оқиға толықтай тергеліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!