Теракт жасамақ болған қазақстандық 18 жылға сотталды

13:39, 21 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Ақтау қалалық соты лаңкестік әрекетке оқталған және терроризмді насихаттаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қазанда үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты.

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды." ҰҚК баспасөз қызметі

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!