Алматыда алаяқтық әрекеттер жасаған күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдікке ілінген 41 жастағы әйел ұсталды.
Тергеу барысында 10 жәбірленуші полицияға арызданған.
Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.
Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған.
Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде. Қазіргі таңда тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы барына қатысты ақпаратты анықтап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 21 қазан 2024
Алматыда Абай даңғылы бойындағы дөнерхана сүрілді
-
17:16, 21 қазан 2024
Ақмола облысында әкімдік аппаратының қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталған
-
16:54, 21 қазан 2024
Астанада қар, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады
-
16:45, 21 қазан 2024
Елорда тұрғыны азаматтарды миллиондаған ақшаға алдады
-
16:36, 21 қазан 2024
Астанада стихиялық полигондардан 160 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды