Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды

13:02, 22 қазан 2024

© Фото: polisia.kz

Бүгін, 2024 жылғы 22 қазанда Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен, зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қашқынды табу мақсатында "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, барлық күштер мен құралдар оны іздеуге және ұстауға бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды.

Қашқын туралы ақпаратты жергілікті Instagram парақшаның бірі жариялады.

Ақпаратқа сүйенсек, оған ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі ("зорлау") бойынша қылмыс жасады деп айып тағылып отыр. Бұлтартпау шарасы-қамауға алу.

"Белгілері: бойы-175-180 см, ірі денелі, шашы-қырқылған қара шашты. Үстінде: қара күртеше, қара қалпақ, қара спорттық костюм, қара кроссовка", — делінген бағдарда.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!