Әртістік жүзуден әлем кубогі: Қазақстан кезекті жүлдеге қол жеткізді

17:12, 5 шілде 2024

© Сурет: olympic.kz

Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған.

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!