Еркін күрес шебері Мықтыбек Үкіметұлы әлем чемпионатында бестікке енді

10:40, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: United world wrestling

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

57 келі салмақтағы балуан қола медаль үшін күресте грузиялық Лука Гвинджилиямен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл бәсекеде қазақстандық балуан жеңіліс тапты. Мықтыбек қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Бүгін 97 келідегі Ризбек Айтмұхан алтын медальға таласса, Айқын Болатұлы (70 келі) қола жүлде үшін айқасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!