Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

17:02, 26 ақпан 2026

© Сурет: United world wrestling

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!