Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

17:49, 26 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Эстонияның Таллин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында келесі спортшылар өнер көрсетеді:

  • Артур Смағұлов
  • Карина Шеина
  • Сафия Абаева (қосалқы спортшы)
  • Вероника Ким (қосалқы спортшы)
  • Анна Санникова (қосалқы спортшы)

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-8 наурыз аралығында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!