Қазақстанда халықаралық бірнеше әуе бағыттары ашылады

20:30, 25 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

2026 жылы Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен дамытуды жалғастырады. Алдағы уақытта Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерін қамтиын бірқатар жаңа бағыттарды ашу және қайта жаңалау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылы 25 ақпанда қызықты мәліметтермен бөлісіп, ұшу аумағын кеңейту отандық әуекомпаниялары және шетелдік тасымалдаушылар есебінен қамтамасыз етілетінін жеткізді. .

Мәселен, SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан келесі рейстерді бастайды:

  • Бішкек (Қырғызстан) –29 наурыздан;
  • Новосібір (Ресей) -19 мамырдан;
  • Санкт Петербург (Ресей) -1 маусымнан;
  • Тель-Авив (Израиль) – 9 масымнан.

Air Astana халықаралық желісін келесі бағыттармен кеңейтеді:

  • Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;
  • Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;
  • Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін (маусымдық);
  • Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін (маусымдық);
  • Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы навигация кезеңінде;
  • Алматы – Салала (Иордания) – 9 наурыздан;
  • Астана – Салала (Иордания) – 9 наурыздан.

Сонымен қатар, 2026 жылы Алматы – Токио (Жапония) бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

FlyArystan келесі рейстерді іске қосады:

  • Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;
  • Алматы – Сиань (Қытай) – маусым айында (слоттарды келісу күтілуде);
  • Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусым айында.
"Сондай-ақ Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағытын ашу жоспарлануда". ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Шетелдік тасымалдаушылар арасында:

  • LOT Polish Airlines Алматы – Варшава рейсін 31 мамырдан ашады;
  • Air Arabia Dammam Алматы – Даммам (Сауд Арабиясы) рейсін іске қосуды жоспарлап отыр;
  • Royal Jordanian Алматы – Амман (Иордания) рейсін орындау мүмкіндігін қарастыруда.

Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпалдасуына әсерін тигізеді деп күтілуде.

Бұған дейін Қазақстанда тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!