Ер адам ішінде 1,5 миллион теңгесі бар қымбат джипты ұрлап, айдап кеткен

18:38, 20 ақпан 2024

© Сурет: polisia.kz

Көлікте қомақты ақша болған. Полиция өзгенің темір тұлпарын заңсыз иемденген күдіктіні құрықтады.

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізгенде көлік құралы Тараздан табылды.

"34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттігі үшін жаратып үлгерген", - делінген хабарламада.

Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!