Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға 1,4 трлн теңге қажет

16:19, 24 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2025 жылғы 24 қаңтарда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға қанша ақша қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ұлттық жоба екі негізгі блоктан тұратынын атап өтті: генерация – алдағы бес жыл ішінде елімізде шамамен 7 300 мегаватт электр қуаты салынады және жұмыс істеп тұрған қуаттардың бір бөлігі жаңғыртылады.

Жобаның екінші бөлігі – коммуналдық желілерді жаңарту. Бұл электр желілері, жылу желілері, ЖЭО бөлігі, сумен жабдықтау желілері, су бұру және кәріз-тазарту құрылыстары.

"Инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 6,8 триллион теңгені құрайды. Бұл өсу немесе төмендеу бағытында өзгеруі мүмкін индикативті сомалар. Плюс минус 10%. 86 мың км коммуналдық желіні жаңартуға, модернизациялауға және дамытуға тиіспіз. Бұл жұмыстың нәтижесінде ел бойынша коммуналдық желілердің орташа тозуы 40%–дан аспайтын болады... Әзірге бұл бес жылға шамамен 1,4 трлн теңге деп есептеп отырмыз, бірақ мұның бәрі біздің еліміздегі инфляцияға және Ұлттық Банк белгілейтін қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне байланысты. Егер инфляция төмендейтін болса, онда, тиісінше, қаржы институттарының қарыз мөлшерлемесі төмендейтін болады", – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Ол бұл жобаны өршіл деп атады.

"Бұл өте күрделі, көлемді және өте өршіл жоба. Бірақ біз оны жүзеге асыруға саналы түрде келе жатырмыз, өйткені одан әрі созбақтау мүмкін емес. Тіпті жеке компанияның құзыретіне кіретін жерді қайтадан бұрғылап, тесіп, мемлекет қаражатын сорудың мағынаы жоқ",- деді Бозымбпнв.

Бұған дейін Бозымбев қосымша құн салығын 12-ден 20%-ға дейін арттыру мүмкіндігі жайлы айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!