Еңбек өтілі 826 жыл болатын теміржолшылар әулеті референдумға қатысты

15:14, 6 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналған референдумға теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 826 жыл болатын Қапышевтер отбасының мүшелері қатысты.

Әулет мүшелері Медеу ауданындағы №100 мектепте орналасқан №407 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

"Азаматтардың референдумға қатысуы – қоғамның болашағын және даму бағытын түсінуге жасалған маңызды қадам. Бүгін әрбір азамат пікірін білдіруге мүмкіндік алды. Елдегі қарқынды өзгеріс жағдайында референдум нәтижесі бізге даму қозғалысының векторын көрсетеді", – деді Мұрат Қапышев.

Теміржолшылар әулетінің тарихы шамамен бір ғасыр бұрын басталған. Отбасының үш буынында 26 адам осы саланы таңдаған. Қазір теміржол саласында 10 отбасы мүшесі жұмыс істейді, олар шеберден бастап басшылық қызметке дейін әртүрлі лауазымды атқарады. Биыл Қапышевтер әулеті "Мерейлі отбасы" қалалық байқауының жеңімпазы атанған.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 сайлау учаскесінде дауыс берді. Алматылықтар учаскелеріне келіп, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!