Түркістан облысында «Отбасымызбен дауыс береміз» акциясы өтуде

09:33, 6 қазан 2024

© Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында "Отбасымызбен дауыс береміз" акциясы аясында көпбалалы жанұялар референдумға қолдау білдіріп, дауыс беруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі берген ақпаратқа сай, Арыс, Кентау қалалары мен Жетісай, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас аудандарында ел келешегі үшін маңызды шешім қабылданар науқанға қолдау білдіріп, отбасының барлық мүшелері дауыс беруге келді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 09:33

Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Өңірде 945 дауыс беру учаскесі белгіленіп, 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!