Әмір Омарханов ITF Juniors аясында карьерасындағы алтыншы жүлдесін жеңіп алды

16:52, 6 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қытай астанасында жасөспірімдер арасындағы ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Алғашқы сетте Оливер тай-брейк арқылы жеңіске жетті, келесі екі партияда Әмір басым түсті – 6:0, 6:4;

Бұл - қазақстандық теннисшінің ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сын бойынша алтыншысы жүлдесі. Бұған дейін Қарағанды ​​теннис мектебінің түлегі Тайландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) жеңіске жеткен еді.

Әмір Бейжіңдегі жетістігінің арқасында ертең жаңартылатын ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингінде ТОП 10-ға кіреді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!