Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталған

10:53, 17 қазан 2024

© Фото: primeminister.kz

Ақтөбеде бруцеллез ауруының қауіпті бес ошағы тіркелген. Олар Байғанин, Мәртөк және Әйтеке би аудандарында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жерлерде сауықтыру шаралары жүргізілді.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 618 мың мүйізді ірі қара мен бір миллионнан астам қой тексерілді. Нәтижесінде 2 800-ден астам сиыр, 900-дей ұсақ малдан ауру анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың иелеріне 120 миллион теңгеге жуық өтемақы берілді. 64 мың шаршы метр аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

"Мың да он тоғыз бас, олар ет комбинаттарына ет өңдеуге жіберілді. Ал, қой малын міндетті түрде өңдеуге жатады. Өйткені қойдың жұқтыру көрсеткіші адамға ұқсас, сондықтан да одан мықты қауіп бар." Айбек Сембай облыстық ветеринария басқармасының басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!