Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақы мөлшері жайлы айтып берді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 868 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Ақпарға сүйенсек, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам.
"2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге",- делінген ақпаратта.
Еске салсақ, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% – ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
"Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді",- деп толықтырды ведомство.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:43, 24 желтоқсан 2025
АҚШ қытайлық дрондарды импорттауға тыйым салды: Пекин жауап ретінде қарсы шара қабылдамақ
-
13:37, 24 желтоқсан 2025
Алматыда мектеп оқушылары терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген
-
13:22, 24 желтоқсан 2025
Ресейлік бойжеткен «мүгедектігіне байланысты» зергерлік дүкеннен жұмыстан шығып қалған
-
13:16, 24 желтоқсан 2025
Астананың қоқыс полигоны 2029 жылға дейін толады: мәселені қалай шешпек
-
13:03, 24 желтоқсан 2025
Лондондағы кәрізден салмағы 100 тонна болатын «майлы айсберг» табылды





