Алматыда Өктем Алтаев референдумға қатысты

18:22, 6 қазан 2024

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Танымал қазақстандық әнші Өктем Алтаев атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Өнерпаз №26 қалалық емханаға қарасты №510 сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мен референдумға қатысу әрбір азамат үшін маңызды қадам деп санаймын. Бұл – өз пікіріңді білдіріп, елдің дамуына үлес қосуға үлкен мүмкіндік. Жас буынның референдумға қатысуы осы тарихи оқиағының маңыздылығын және жаңа ұрпақтың азаматтық белсенділігін көрсетеді. Қазіргі қоғам алдында тұрған заманауи сын-қатерлер жағдайында мұндай іс-шаралар өзекті және қажетті", – деп атап өтті Өктем Алтаев.

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Кейбір сайлау учаскелерінде кезек бар, себебі алматылықтар таңертеңнен бастап тұрғылықты жерлерінде белсенді дауыс беріп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!