Елордадағы түзеу мекемесінде дінге байланысты дәріс сабағы өтті

20:27, 28 мамыр 2024

© Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментімен бірлесіп, елордадағы №2 мекемесінде дін ұстанушы сотталғандарға дәріс сабағын өткізді. Оған мекемеде жазасын өтеп жүрген діни ұстанымға ие 50-ге жуық сотталған қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәріс барысында сотталғандар назарына көркем мінезділік және сабырлық туралы келесідей түсіндірмелер айтылды:

  • "Қандайда бір сынақ келгенде оны ең бірінші ақылға салып, өмірге пайдасы бар ма, жоқ па, соны ойлану керек. Яғни, ең алдымен өзін көркем мінезділікке тәрбиелеу. Бұл өмірдегі сынақтардың барлығы уақытша екендігін түйсініп, қандай да бір сынақ болмасын сабыр ету, дұрыс жолдарын қарастыру, бір сынақ келсе сезімге берілмей ақылға салу, сезім қателеседі ақылмен шешу жолдарында қателесу аз болады".

Сонымен қоса, дін мен дәстүрдін тұтастығы туралы, әлемдік діндердін негіздері туралы толығырақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткен дәріс сабақтан жазасын өтеуші азаматтар көп ақпарат алғандарын жеткізіп, осындай дәрістерді алда тағы өткізулерін сұрады.


"Жалпы кездесуден соң имамдар мен теолог мамандар дін жолында жүрген сотталушылармен жекеше түрдегі кездесулер өткізіп, профилактикалық сұхбаттар жүргізді. Мекеме басшылығы бұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынына сенімді. Көбінде мекемелерде жазасын өтеушілердің діни білімдері таяз болуына байланысты, кейде олар, теріс ақпаратқа сүйеніп жатады, осы жайттардың алдың алу мақсатында, діни ілім берудін маңызы зор". Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!