Елордада есірткі жасырылған 100-ден астам орама тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Астанада есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында күдікті екі жасырын орыннан есірткі алып жатқан жерінен қолға түскен. Ол жерлерден елорда аумағында таратуға арналған тыйым салынған заттар салынған 100-ден астам орама тәркіленді.
Кейін полицейлер күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізді. Аяқ киім қорабының ішінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар заттар салынған қосымша орамалар табылды. Алдын ала болжам бойынша, тәркіленген заттар мефедрон мен альфа-PVP болуы мүмкін. Орамалардың сырты түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған.
Табылған заттардың барлығы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның қылмысқа қатысы бар басқа адамдармен байланысы анықталып жатыр.
Полиция есірткі заттарын сақтау, өткізу және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Құқық қорғау органдары есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы тарату арналарының жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 14 қыркүйек 2026
Фастфуд пен газды сусындарсыз: 2026 жылы Қазақстан мектептерінде балаларға қандай тағам беріледі
-
14:42, 14 қыркүйек 2026
Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы тіркелді
-
14:33, 14 қыркүйек 2026
Алматының туризм саласына салынған инвестиция соңғы 8 жылдағы рекордтық деңгейге жетті
-
14:26, 14 қыркүйек 2026
Қазақстандық ғалымдар жаңа сусын әзірледі
-
14:20, 14 қыркүйек 2026
Алматыда 22 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген күдікті «логистер» ұсталды





